Жаңалықтар

Израильде карантин, ЕО елдеріндегі жаңа шектеулер пайда болды

Израильде карантин, ЕО елдеріндегі жаңа шектеулер пайда болды

 width= Еуропа елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр. Үкімет инфекцияның таралуымен күрес шараларын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Пандемия кезінде 640 мың адам инфекцияға шалдыққан Испанияда COVID-19-дың жаңа таралу аймақтары тіркеліп жатыр. Мадрид автономды қоғамының билігі 37 аймақта адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойды. Бұл ауданның 13% тұрғынын қамтиды. «Көрсетілген аймақ тұрғындарына аса қажеттілік болмаса ауданнан кетуге тыйым салынады. Адамдарға медициналық кеңес алу, жұмыс немесе оқуға қатысты келісімшарт міндеттемелері, қарт туыстарына қамқорлық көрсету үшін ғана үйден шығуға рұқсат етілген. Аудандардың ішінде жүріп-тұруға болады, бірақ алты адамнан артық топтаспау керек. Саябақ пен бақтардың жұмысы уақытша тоқтатылады», - деп хабарлады Мадрид автономды қоғамы үкіметінің басшысы Исабель Диас Аюсо. Францияда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 13 215-ке жетті, бұл карантин алынғаннан кейінгі рекордтық көрсеткіш. Кейінгі 24 сағатта COVID-19-дан 123 науқас қайтыс болды. Қазір негізінен вирус жұқтыратын – жастар. 75 жастан асқан инфекцияға шалдыққан адамдардың да саны артып жатыр. Португалия премьері Антониу Коштаның айтуынша, елде науқастар саны артып келеді. Кабинет басшысы егер осы үрдіс сақталса, келесі аптада елде күніне мың жаңа жұқтыру оқиғаларына дейін тіркелуі мүмкін екенін айтты. Кошта отандастарын санитария ережелерін сақтауға шақырды. Израильде Рош ха-Шанаға (еврей Жаңа жылы) бірнеше сағат қалғанда кейінгі айлардағы екінші қатаң карантин енгізілді. Ол үш аптаға созылады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Израиль жаңа коронавирус пандемиясы кезінде карантинді қайта енгізіп отырған алғашқы ел.