Елімізде халық санағының қашан өтетіні белгілі болды
Елімізде халық санағының қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстанда халық санағы 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Үкіметтің "2020 жылы ұлттық халық санағын өткізу туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, халық санағы 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында өткізіледі. Сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
"Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, 2021 жылы халықтың ұлттық халық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрылады", - деп жазылған үкімет сайтында.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда халық санағы 2020 жылдың 1-30 қазаны аралығында жүргізіледі деп бекітілген. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмейтін болды.
Қазақстанда ұлттық халық санағы он жылда бір рет өткізіледі. Соңғы рет науқан 2009 жылы өтті.