Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Елімізде халық санағының қашан өтетіні белгілі болды

Елімізде халық санағының қашан өтетіні белгілі болды

Елімізде халық санағының қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
 width= Қазақстанда халық санағы 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Үкіметтің "2020 жылы ұлттық халық санағын өткізу туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, халық санағы 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында өткізіледі. Сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. "Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, 2021 жылы халықтың ұлттық халық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрылады", - деп жазылған үкімет сайтында. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда халық санағы 2020 жылдың 1-30 қазаны аралығында жүргізіледі деп бекітілген. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмейтін болды. Қазақстанда ұлттық халық санағы он жылда бір рет өткізіледі. Соңғы рет науқан 2009 жылы өтті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату