Қазақстанда пневмония белгілері бар науқастар саны күрт көбейді
Қазақстанда пневмония белгілері бар науқастар саны күрт көбейді
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 242 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 55 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 30579, 337 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26533 жетті.