Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

АҚШ Лениннің денесін 50 миллион долларға сатып алмақ

АҚШ Лениннің денесін 50 миллион долларға сатып алмақ

АҚШ Лениннің денесін 50 миллион долларға сатып алмақ
ашық дереккөзі
 width= АҚШ суретшісі Дэвид Датуна Вашингтонда Ленинге арнап кесене салып, Лениннің мүрдесін Ресейден сатып алуға ниетті екенін, қазіргі таңда ол жоспарды іске асыру үшін 50 млн. доллар қаржы жинағанын мәлімдеді. Бір күннің ішінде Датунаға инвесторлар хабарласып, 50 млн. доллардан көп қаржы ұсынған. «Жоба американ және ресейлік азаматтардың қолдауына ие болып отыр. Әрине бұл идеяға наразы саясаткерлер де бар», - дейді суретші. Ресей саясаткері Геннадий Зюганов «отанды, тұлғалар мен көсемді тек сатқындар ғана сатады» деп наразылық білдірген еді. Датуна ресейлік саясаткерге: «Сіз Ресей саясаткері бола тұра, Лениннің тек қана бір елдің емес, әлемдік пролетариаттың көсемі екенін ұмытқан сияқтысыз. Тіпті сіз Лениннің мүрдесін бізге түбегейлі бергіңіз келмесе де, тым болмағанда оны уақытша беруге келісетін шығарсыз. Оның үстіне көсемнің мүрдесін Мәскеуде ұстаудың қиындығы жыл сайын ресейлік азаматтарды толғандырып келеді» деп жауап қатты.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ