Беларусь: наразы адам өзін милиция бөлімшесінің алдында өртеп жіберді
Беларусь: наразы адам өзін милиция бөлімшесінің алдында өртеп жіберді
Беларусь еліндегі Смолевичи қаласында, 18-қыркүйек күні аты-жөні белгісіз адамның өзін-өзі өртеу актісі тіркелді. Бұл туралы аймақтық БАҚ өкілдері хабарлады.
Аты-жөні белгісіз адам милиция бөлімшесінің алдына келіп, үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жіберген. Ол ешқандай саяси ұран немесе наразылық сөздерін айтпаған. Милиция қызметкерлері оны тірі алып қалуға барын салып, өрт сөндіргіш құралмен өшіріп үлгерген Джойказино Қазақстанда. Қазіргі таңда денесінің жартысын күйік шалған азамат аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның кім екені, бұл әрекетке не үшін барғаны тексерілуде.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ