Алматы әкімі Германия мен Грекияның елшілерімен кездесті

22 Ақпан, 2019 3376 0

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Германия Федеративтік Республикасы және Грек Республикасы елшілерімен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, болашақта туризмді дамыту, инновация саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Әлемдік экономикадағы дағдарысқа қармастан ГФР мен Алматы арасындағы тауар айналымы өткен жылдың 9 айы ішінде бұрнағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45%-ға өсті. Қалада германдық капиталмен 254 компания жұмыс істейді.

Электроавтобустардың үшінші буынын шығаратын қазақстандық-германдық-гонконгтік «Falcon Eurabus» зауыты өзара ынтымақтастықтың жемісі болып табылады әрі оның өңірде алғашқы 300 орынды автопаркі бар.

ГФР елшісі Тило Клиннер жыл сайын өтетін «Қазақстандағы Герман экономикасының күндері» бизнес-форумының іскерлік байланысты нығайтуға оң ықпал ететінін ерекше атады. Қазақстан-Неміс университетінің, DAAD академиялық алмасу жөніндегі Неміс қызметінің және ТМД елдеріндегі жалғыз неміс драма театрының арқасында мәдени және біліми тәжірибе алмасу дамуда.

Өз кезегінде Қазақстандағы Грецияның елшілік миссиясының басшысы Александрос Катранис Алматы өңір үшін барынша тартымды туристік дестинация екенін айтты. Қалаларды технологиялық жағынан дамыту үшін өзара тәжірибе алмасу болашақтағы маңызды іс болатыны атап өтілді.

Тегтер: алматы, байбек, әкім, келісім, кездесу

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.