Еліміз бойынша медициналық мекемелердің 40% Түркістан облысында орналасқан

22 Ақпан, 2019 2893 0

Түркістан облысында өткен жылы облыста 63 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысан салынған деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл еліміз бойынша денсаулық сақтау саласында салынған барлық медициналық мекемелердің 40 пайызын құрайды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу кезінде құны 30 млн. теңге болатын құрама модульдік құрылымдар пайдаланылды. Тиісінше, бұл шығынды 2 есеге қысқартады. 

Түркістан облысы еліміз бойынша алғашқы болып модульдік медициналық бекеттердің құрылысын қолға алды. Неміс технологиясы бойынша салынып, Түркияда жасалған ғимараттардың артықшылығы алуан. Бұл жаңашылдық уақыт пен бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді. Ең бастысы өңірдегі шалғай ауылдардың тұрғындары үшін медициналық көмек көрсету мәселесі шешілді. Медпункттің модульдік құрылымын құрастыруға небәрі 2 ай ғана уақыт кетеді. Жаңа медпунктерде фельдшер және медбикелер медициналық көмек көрсетеді. Ол үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Сапалы материалдардан салынған жайлы ғимаратта тәулігіне ондаған науқастарды қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, елімізде 2018-2025 жылдарға арналған Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 17 өңірлік маңызды жоспарлар бекітіліп іске асырылуда. Бұл жобаға сәйкес, 1231 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысы қарастырылған, олардың 327-і Түркістан облысында салынатын болады.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында 6 жаңа емхана құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Атакент, Мырзакент, Ақсукент және Кентау, Жетісай, Шардара қалаларында. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында  Түркістан қалалық емханасының, 610 төсектік облыстық көпсалалы аурухананың, Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің, Облыстық онкологиялық диспансердің құрылысын жүргізу және Түркістан қаласындағы облыстық жедел медициналық көмек станциясын қайта құру және пайдалануға беру жоспарлануда.

Тегтер: медицина, түркістан, ем, емхана, дәрігер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.