56 жастағы ер адам әйелін көңілдесімен ұстап алып, аямай сабаған

18 Мамыр, 2018 1151 0

Ресейде 56 жастағы ер адам әйелін көңілдесімен төсекте жатқан жерінен ұстап алып, оңдырмай сабаған, - деп жазады L!FE сілтеме жасаған tengrinews.kz тілшісі. еще новости

Якутия тұрғыны үйінде әйелімен жатқан ер адамға тиіспей, өз әйелін резеңке аяқ киіммен сабаған. РФ ІІМ өңірлік ведомствосының өкілдері ер адамның әйелінің бетіне көптеген соққы жасағанын, содан әйелінің бетінде ісік пайда болғанын хабарлаған.  Енді әйелін оңдырмай сабаған ер адам төрт айға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  "Күдікті таңғы уақытта іссапардан келіп, әйелін бөтен еркекпен ұстап алған. Ол резеңке етікпен әйелінің бетінен ұрған, ал қарсыласымен байланысқысы келмеген", - делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.  Қазіргі уақытта күйеуінің көзіне шөп салған әйел ауруханада жатыр.

Тегтер: якутия, ерадам, тілші, көңілдес, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.