Алматыда Қазақстан халқының денсаулығы туралы жаңа Кодекске қарсы митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейбіт митинг сағат 15.00-де басталды. "Сары Арқа" кинотеатрына ондаған алматылық жиналды.
Жиналғандардың арасында түрлі жастағы адамдар бар. Кейбіреулер балаларымен келген. Көбі плакаттармен жүр.
Еске салайық, 3 маусымда Қазақстанда бейбіт жиындарды өткізу тәртібі мен оны ұйымдастыру туралы жаңа заң күшіне енген болатын.