«Астана» Черногория чемпиондарынан жеңілді

«Астана» Черногория чемпиондарынан жеңілді

ашық дереккөзі

 width= Кәрі құрлықтың басты доп додаларының бірі еуропа лигасының екінші іріктеу айналымында ел чемпионы «Астана» Алматының орталық стадионында Черногориялық «Будучность» командасымен кездесті. Талай дүбірлі жеңістерімен чемпиондар лигасының топ    тық кезеңінде өнер көрсетіп, еуропаның алпауыт ұжымдарымен терезесі-тең ойын мәнерін жанкүйерлеріне ұсынып жүрген командадан ешкім бұл нәтижиені күтпегені анық. Еуропа лигасының топтық турнирінде ойнап, өз алаңында әйгілі Манчестер Юнайтедті де жеңіп жүрген «Астана» еді бұл. Бүгінгі ойында матчты сылбыр бастап, алғашқы таймның 25-минутында Теричтен гол өткізіп алған қақпашы Эрич. Ойын бір сыдырғы, жүйелі шабуылдарсыз өтіп жатты. Қарсылыс команда шеберлігін жата-жастана мақтайтындай тәжірбиесі мен тактикасы тасыған клуб еместігі байқалыпта тұрды. Бұл ойында «Астаналық» бапкердің алаңдағы ойыннан қолтаңбасы мен білігінің көрініс таппағанын ойынды тамашалаған жанкүйер анық біліп отырды. Марин Томасовтың бірді-екілі жеке шеберлігіне арқа сүйеп, сол аяғының дәлдігімен алыс дистанциялардан тебетін соққылары қақпа аңғарына барғанымен, орындалу қалпы көңілді қуанпай тұрды. Ойыншылардың құрамы мен бағасы жағынан, клубтық қаржылық әлеуеті жағынан әлдеқайда деңгейі жоғары «Астананың» биылғы нәтижиесі осы қырқамен аяқталды. Қаратаудан келген командадан бір доп айырмасымен жеңіліп, қаратаудың құзар шыңы бағынбай-ақ қойды. Ендігі бар үміт, Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталатын Алматылық  «Қайрат» пен Израильдік «Маккаби Хайфа» арасындағы матчта.

Б.Нұр-Мұхаммед

Жүктелуде...