Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қайсардан мінез тайған күн

Қайсардан мінез тайған күн

Қайсардан мінез тайған күн
ашық дереккөзі
 width= Қызылордалық «Қайсар» еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Кипрлық «АПОЭЛ» командасын Шымкенттегі ҚажымұқанМұңайтпасов атындағы стадионда қабылдады. Есепті 6 – минутта «Қайсардың» капитаны Асхат Тағыбергеннің алыстан шірене тепкен соққысын ыңғайсыз тосқан кипрлік қақпашының қателігін шабуылда өз сәтін тосып жүрген Лобжанидзе сәтті пайдаланып, жеңіске бастаған болатын. Одан кейін АПОЭЛ-дің ойыны жүріп Де Винcенти 15-минутта есепті теңестірсе, артынша Тухами  нәтижиені еселеп кетті. Алғашқы таймда қонақ командадан «Қайсар» екі гол өткізіп алып, үзіліске психологиялық салмақпен аттанды. Екінші тайм басталған бойда Анцили Кипрден тек екі-ақ гол соғуға келмегенін байқатып кетті. «Қайсар» ойында тактикалық тұрғыдан да, ойыншылардың физикалық бабынан да АПОЭЛ-ге есе жіберіп тұрды. Үшінші гол өткізіп алғаннан кейін қарсыластың қорғаушыларына қысымды күшейтетін шабуылшылардың санын арттыруды назарға алмады. Қосалқы құрамда отырған ойынға жылдамдық беретін  Режиналдо, Фортес Алвин секілді техникалық шеберлікке ие ойыншыларды тыңнан жаңа күш беріп, ауысқанда жоқ. Төреші қосқан соңғы минутта Де Винсенти Кипрлық ұжымның қанжығасына төртінші голды байлап кетті. Жергілікті команданың кәрі құрлықтың дәрежелі турниріндегі дебюттік беташар ойыны осылай сүреңсіз деңгейде өте шықты. Алаңның иесі ретінде адуынды шабуылдармен, қарсыласты айып алаңына тықсыра қамап тастайтын жойқын шабуылдар болмады деуге болады. Қос қапталдан қыспаққа алатын ойынды ұйымдастырушы ойыншылардың өзара ынтымақтастығы ырысты нәтижиеге жол да ашқан жоқ. Орталық алаң түгелдей таластың емес, қарсылас ұжымның ұшқан допты олжалап кетер кеңістігіне айналып тұрған іспетті. Елдің имиджі, футболдың көркі, команданың намысына баланар осындай додалардан әп сәтте тізе бүгіп, ұшып кету қуаныш емес. Елдің қазынасынан қаржыландырылатын миллиардтарға құрылған командадан пендешілік үмітті үлбіретіп, жанкүйерлік намысты трансляцияның алдында тақымдай қысып отырғанда ойсырай жеңілгені әрине көңілге серпіліс әкелмесі анық. «Қайсар» деп қасқырлық танытар ныспысы бар командадан әрдайым жанкүйерлер алаңдағы тартыста мінез күтеді. Бүгін мінез байқалмады. Бірақ, мінез таятындай жағдай емес, жаңбыр ғана жауып тұрған сияқты еді...

Б.Нұр-Мұхаммед