Нұршат Төкен: Отан алдындағы перзенттік парызды өтейтін уақыт жетті
Нұршат Төкен: Отан алдындағы перзенттік парызды өтейтін уақыт жетті
Еліміздегі Nur Otan ұйымдастырып жатқан партияішілк праймеризге қатысып жатқан үміткерлер өздерінің бағдарламасы мен ұсыныстарын жариялап, жан-жақты талқылау болып жатыр. Соның бір Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы атынан түсіп жатқан Нұршат Төкеннің бағдарламасы мен ұсыныстарын ұсынып отырмыз. «Қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!», деген еді алағай да, бұлағай шақта Алаштың аймаңдай перзенті Әлихан Бөкейхан.
Араға ғасырлар салып сол теңдік үшін теперіш көрген ұлт өзінің уығын шаншып, шаңырағын көтерді. Егемендіктің елең-алаңында өмірге келген жас сәби бүгінде Тәуелсіз елмен етене өсіп, ержетті.
Енді, маңдайынан сипаған Отан – Ананың алдындағы перзенттік парызды өтейтін уақыт жетті. Сол бір борышкер шоғырдың ішінде Nur Otan партиясының мүшесі ретінде менде елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуды құп көрдім...
Анығында, «Nur Otan» - нақты істердің, іскерліктің партиясы. Бас партия мүшесі атанған әрбір азамат үшін бұл үлкен жауапкершілік пен міндет.
Міне осыны толық ескере отырып, партияішілік праймеризге қатысып, алдағы уақытта Шымкент қаласы тұрғындарының шешілмей жатқан мәселелерін жергілікті биліктің назарына ұсынатын боламын.
Сондай-ақ, кәсіби журналист ретінде көпшіліктің көкейіндегісін талдап-саралап, өтініштерінен оң нәтиже шығаруға атсалысамын.
Біздің жетекші партиямыз қала тұрғындары алаңдаушылық білдірген 10 басым бағытты анықтап, алдағы 5 жылда жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осы орайда партияның жас, белсенді мүшесі ретінде төмендегі бірнеше бағыт бойынша жұмыс істемекпін.
Бірінші, Шалғайдағы елдімекендерді көркейту. Шымкент қаласына Оңтүстік Қазақстан (Қазіргі Түркістан облысы) облысынан қосылған елдімекендердің көбісінде инфрақұрылым (газ, су, электр, кәріз жүйесі), коммуналдық сала ақсап тұр.
Алдағы уақытта осы олқылықтың орнын толтыру үшін қалалық партия филиалының келісімімен (әкімдік, партия, мәслихат өкілдері) үштік бірлестік жасақтап, тоқсан сайын шалғайдағы елдімекендерге барып, тұрғындарының арыз-шағымын тыңдап, түйіткілдің кезең-кезеңімен шешілуіне ықпал етемін.
Себебі, шалғай елдімекендердегі кейбір тұрғындар өз арыз-шағымын қайда өткізерін де білмейді. Сондықтан дер кезінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы негізінде халықпен етене-жақын болып, бюрократиялық кедергілерге жол бермеймін. Ұсыныстар: - «Туған жерді түлету».
- «Ауыл өнімі»
Ендігі мәселе, осы олқылықтардан оңды нәтиже шығару. Партия мүшесі ретінде қаладағы медицина қызметкерлері мен педагогтардың әлеуметтік жағдайын зерттеп-зерделеп, ақпараттық қолдау көрсетемін.
Әлем коронавирус індетімен бетпе-бет келген сәтте денсаулық сақтау саласы мен педагог мамандардың қоғам алдындағы жауапкершілігі ауырлай түсті.
Әйтсе де, адам өміріне араша болған ақхалатты абзал жандар мен көз майын тауысып жас ұрпаққа білім берген мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын ойлайтын (Баспана, айлық жалақысы, құқығы) кез келді. Ұсыныстар: - «Кедергісіз қызмет»
- «Парасыз келешек»
Ұсыныстар: - «Сапа сақшысы»
- «Монополиясыз қоғамдық көлік»
Түйін сөз: Өкініштісі, қай қоғамда болмасын мандатқа лайық қызмет етпей сол атақты малданып жүргендер баршылық.
Ал, халқына шынайы қызмет етіп, атақ-даңықты ресми түрде алудан бас тартқан халық қалаулылары да жоқ емес.
Ғаламдық өзгерістердің тегершігінде елдікті сақтап, әлеуметтің әлеуетін көтеретін нағыз халық қалауларының көрнеуге шығатын кезі келгендей. Құрметті, жерлестер, партияластар ! Жоғарыда айтылған сайлауалды бағдарламаның ішінен шешілуін күтіп жүрген мәселелеріңіз болса маған дауыс берулеріңізді сұраймын. Біз алда сол түйіннің күрмеуін тарқату үшін бірге күресетін боламыз.