Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Нұршат Төкен: Отан алдындағы перзенттік парызды өтейтін уақыт жетті

Нұршат Төкен: Отан алдындағы перзенттік парызды өтейтін уақыт жетті

Нұршат Төкен: Отан алдындағы перзенттік парызды өтейтін уақыт жетті
ашық дереккөзі
 width= Еліміздегі Nur Otan ұйымдастырып жатқан партияішілк праймеризге қатысып жатқан үміткерлер өздерінің бағдарламасы мен ұсыныстарын жариялап, жан-жақты талқылау болып жатыр. Соның бір  Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы атынан түсіп жатқан Нұршат Төкеннің бағдарламасы мен ұсыныстарын ұсынып отырмыз.  «Қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!», деген еді алағай да, бұлағай шақта Алаштың аймаңдай перзенті Әлихан Бөкейхан. Араға ғасырлар салып сол теңдік үшін теперіш көрген ұлт өзінің уығын шаншып, шаңырағын көтерді. Егемендіктің елең-алаңында өмірге келген жас сәби бүгінде Тәуелсіз елмен етене өсіп, ержетті. Енді, маңдайынан сипаған Отан – Ананың алдындағы перзенттік парызды өтейтін уақыт жетті. Сол бір борышкер шоғырдың ішінде Nur Otan  партиясының мүшесі ретінде менде елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуды құп көрдім...  width= Анығында, «Nur Otan» - нақты істердің, іскерліктің партиясы. Бас партия мүшесі атанған әрбір азамат үшін бұл үлкен жауапкершілік пен міндет. Міне осыны толық ескере отырып, партияішілік праймеризге қатысып, алдағы уақытта Шымкент қаласы тұрғындарының шешілмей жатқан мәселелерін жергілікті биліктің назарына ұсынатын боламын. Сондай-ақ, кәсіби журналист ретінде көпшіліктің көкейіндегісін талдап-саралап, өтініштерінен оң нәтиже шығаруға атсалысамын. Біздің жетекші партиямыз қала тұрғындары алаңдаушылық білдірген 10 басым бағытты анықтап, алдағы 5 жылда жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осы орайда партияның жас, белсенді мүшесі ретінде төмендегі бірнеше бағыт бойынша жұмыс істемекпін.  width= Бірінші, Шалғайдағы елдімекендерді көркейту. Шымкент қаласына Оңтүстік Қазақстан (Қазіргі Түркістан облысы) облысынан қосылған елдімекендердің көбісінде инфрақұрылым (газ, су, электр, кәріз жүйесі), коммуналдық сала ақсап тұр. Алдағы уақытта осы олқылықтың орнын толтыру үшін қалалық партия филиалының келісімімен (әкімдік, партия, мәслихат өкілдері) үштік бірлестік жасақтап, тоқсан сайын шалғайдағы елдімекендерге барып, тұрғындарының арыз-шағымын тыңдап, түйіткілдің кезең-кезеңімен шешілуіне ықпал етемін. Себебі, шалғай елдімекендердегі кейбір тұрғындар өз арыз-шағымын қайда өткізерін де білмейді. Сондықтан дер кезінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы негізінде халықпен етене-жақын болып, бюрократиялық кедергілерге жол бермеймін. Ұсыныстар:
  1. «Туған жерді түлету».
Шалғай елдімекендерге халық қалаулылары мен кәсіпкерлердің есебінен әлеуметтік нысандарды (Мектеп, балабақша, спорт залы, мәдениет үйі, кітапхана) көптеп салу;
  1. «Ауыл өнімі»
Елдімекендерді қаланың аграрлық, шағын кәсіпкерлік орталығына айналдыру; Осы ұсыныстар негізінде қолға алынған бастамалар шалғай елдімекендердегі инфрақұрылым мәселесін түбегейлі шешуге септігін тигізер еді. Екінші, Әлеуметтік саланы дамыту. Кез келген мемлекеттің күш-қуаты сапалы білім, адам капиталының денсаулығына салынған инвестициямен өлшенеді. Оны әлемді дүрбелеңге салған індеттен кейін адамзат толық түсініп жетті. Айтып келмеген апат себебінен Шымкентте денсаулық сақтау мен білім беру саласы көптеген сындарға ұшырады.  width= Ендігі мәселе, осы олқылықтардан оңды нәтиже шығару. Партия мүшесі ретінде қаладағы медицина қызметкерлері мен педагогтардың әлеуметтік жағдайын зерттеп-зерделеп, ақпараттық қолдау көрсетемін. Әлем коронавирус індетімен бетпе-бет келген сәтте денсаулық сақтау саласы мен педагог мамандардың қоғам алдындағы жауапкершілігі ауырлай түсті. Әйтсе де, адам өміріне араша болған ақхалатты абзал жандар мен көз майын тауысып жас ұрпаққа білім берген мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын ойлайтын (Баспана, айлық жалақысы, құқығы) кез келді. Ұсыныстар:
  1. «Кедергісіз қызмет»
Бүгінде қала көшелерінде жүргізушілер Жедел жәрдем қызметі көліктеріне мүлдем жол бермейді. Салдарынан медицина мамандарының қызметтік көліктері шақырту алған мекен-жайға кешігіп жетеді. Тіпті, кейде қайғылы жағдайларға алып баруда. Осы келеңсіздіктің алдын алу мақсатында қалалық Полиция департаментімен бірлескен түрде Жедел жәрдем көліктерінің іркіліссіз қозғалысына жағдай жасау;
  1. «Парасыз келешек»
«Кез келген ұлтты жойып жіберу үшін атом бомбалары немесе алыс қашықтықтан басқарылатын зымырандардың қажеті шамалы. Есесіне ең қажетті нәрсе – білім сапасын төмендету және емтихандарда студенттердің өз-өзін алдауына рұқсат беру», деген мәтін жазылған екен бір мектептің қабырғасына. Білім параға сатылған жағдайда одан ешқашан сапалы маман шықпайды. Оның тағаны бастауыш, орта білім беру мекемелерінен басталса тіпті қиын. Сондықтан қалалық Білім басқармасымен бірлесе отырып, білім беру мекемелерінің жанынан арнайы ашық алаң құрып, үштік (Ата-ана, мүғалім, оқушы) құрылым өздерінің мәселелерін жалпыға жария етіп отыруы қажет. Жәнеде мектеп оқушыларына жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаттары ұйымдастырылуы керек-ақ. Үшінші, Жол және көлік инфрақұрылымының сапасын арттыру. Шымкенттің орталық көшелерінде болмаса шеткі аудандарында автожолдардың, қоғамдық көліктің сапасы сын көтермейді. Мұнан былай аталған саланың жұмыс өнімділігін жақсарту мақсатында бақылаушы боламын. Мәселеге бетпе-бет келіп, қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі, жол салуға пайдаланылған өнімдердің сапасын БАҚ беттері, әлеуметтік желілерде нақты дәлел-дәйектермен жариялап тұрамын. Осы арқылы билік пен халықтың арасындағы жариялылық, ашықтықты күшейтуге күш саламын.  width= Ұсыныстар:
  1. «Сапа сақшысы»
Мемлекеттік сатып алулар конкурсы арқылы жөндеуден өтіп жатқан жолдарды кез-келген қала тұрғыны бақылауға міндетті. Себебі, асфальт төселіп жатқан әрбір сүйем жерге Сіз бен біздің салығымыздың есебінен қаржы жұмсалып жатыр. Осы орайда қаланың дамуына, гүлденуіне бей-жай қарамайтын белсенді тұрғындарды жол құрылыс сапасын тексеруші - «Сапа сақшысы» болуға шақырамын.
  1. «Монополиясыз қоғамдық көлік»
«Платон менің досым, бірақ ақиқат қымбат», деген сөзді осы тұста айтуға тура келді. Анығында, Шымкенттегі қоғамдық көлік қызметінің қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Дерлік монополистердің қолында. Қалаға іргелес ауылдарға, елдімекендерге, мөлтек аудандарға баратын автобус, газельдердің қатынау жиілігі сағатқа жуық. Бұл өз кезегінде тұрғындардың еркін қозғалысына, көздеген жеріне уақытылы жетуіне кедергі келтіруде. Таңғы, кешкі уақыттарда такси қызметіне жүгіну тұрғындардың қалталарына салмақ салуда. Ал, қоғамдық көліктер қатарында жолаушыны «пресстеп» тасымалдайтын газельдердің саны көп. Алдағы уақытта қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қаланың шеткі аудандары мен шалғай елдімекендеріндегі осы түйіткілді мәселелерді кешенді түрді ұсынып, халықтың қалтасының қағылуына жол бермеймін.  width= Түйін сөз: Өкініштісі, қай қоғамда болмасын мандатқа лайық қызмет етпей сол атақты малданып жүргендер баршылық. Ал, халқына шынайы қызмет етіп, атақ-даңықты ресми түрде алудан бас тартқан халық қалаулылары да жоқ емес. Ғаламдық өзгерістердің тегершігінде елдікті сақтап, әлеуметтің әлеуетін көтеретін нағыз халық қалауларының көрнеуге шығатын кезі келгендей. Құрметті, жерлестер, партияластар ! Жоғарыда айтылған сайлауалды бағдарламаның ішінен шешілуін күтіп жүрген мәселелеріңіз болса маған дауыс берулеріңізді сұраймын. Біз алда сол түйіннің күрмеуін тарқату үшін бірге күресетін боламыз.