Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Үндістанда өтетін фестивальде бақ сынамақ
21 Ақпан, 2019 797 0

«Біздің фильм мифологиялық негізде заманауи әлемді абстракты сюжет ретінде ұсынады. Ежелгі дүниетанымды қазіргі - логикалық көзқараспен ауыстырсақ не болар екен деген фантазиялық ойдан туған туынды. Сондықтан да маған осы тұрғыдан көрсетуге қызық болып көрінді. Фестивальдің басталғанын асыға күтіп жүрмін, менің ойымша бағдарламасы қызы болатын секілді, - деді режиссер Әділхан Ержанов.
Bengaluru International Film Festival кинофестивалінде азиялық және үнді фильмдерге арналған екі конкурстық бағдарламалар бар. Сонымен қатар, фестиваль шеңберінде конкурстан тыс «Әлемдік панорама» бағдарламасы, сондай-ақ, ФИПРЕССИ және НЕТПАК қазылар алқасы жұмыс істейді. Биыл фестиваль шеңберінде Ингмар Бергманның ретроспективасы (мэтрдың 100 жылдығына орай) және Махатма Гандидің өмірі туралы баяндайтын (үнді саяси және қоғам қайраткерінің 150 жылдығына орай) фильмдердің ретроспективасы ұйымдастырылған.
Тегтер: кино, конкурс, кинофестиваль, актер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.
КӨП ОҚЫЛҒАНДАР



Қазақстандықтардың орташа жалақысы 157 мың теңгеден асты – министр
11 Қыркүйек, 2018