Елімізде қала әкімдері қандай көлікпен жүреді?
Елімізде қала әкімдері қандай көлікпен жүреді?
Қазақстан қалаларының әкімдері қандай қызметтік көлікпен жүреді? Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюповтың қызметтік көлігі - 2008 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser. Әкімдіктің мәліметінше, қазір коронавирус пандемиясына байланысты бұл көлік қалалық ауруханаға пайданалуға берілген. Сондықтан қала әкімі қазір өзінің жеке көлігімен - 2005 шығарылған Toyota Corolla-мен жүреді. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 2018 жылы шығарылған Skoda Octavia көлігімен жүреді. Түсі - қара. Әкімдіктің мәліметінше, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап астана әкімшілігінің қызметкерлерін такси қызметі тасымалдайды. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылады. Әкім жүретін көлікті де такси қызметі ұсынады. Көкшетау әкімі Амангелді Смайылов 2013 жылы шығарылған Kia Mohave маркалы көлігімен жүреді, түсі - қара металл. Семей әкімі Ермак Салимов 2016 жылы шығарылған қара түсті Toyota Camry маркалы қызметтік көлігімен жүреді. Петропавл әкімі Болат Жұмабеков 2015 жылы шығарылған Kia Quoris көлігімен жүреді. Түсі - қара металл. Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай 2010 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser Prado көлігімен жүреді. Түсі - қара. Атырау әкімі Қайрат Оразбаев 2017 жылы шығарылған, түсі қара Toyota Camry көлігімен жүреді. Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров 2011 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser 200 көлігімен жүреді, түсі - қара. Өскемен әкімі Жақсылық Омар 2017 жылы шығарылған, ақ түсті Toyota Camry автосымен жүреді. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов 2011 жылы шығарылған, қара түсті Lexus LX 570 қызметтік көлігімен жүреді. Қызылорда әкімі Нұрлыбек Налибаев Kia Sorento кроссоверімен жүреді. 2019 жылы шығарылған, қара түсті. Әкімдіктің мәліметінше, көлік облыстық мемлекеттік мүліктен берілген. Қостанай әкімі Қайрат Ахметов 2010 жылы шығарылған қызметтік Lexus LX 570 көлігімен жүреді. Бұл авто әкімдікке "Шаруашылық 2012" ЖШС-дан қайтарымсыз негізде берілген. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2013 жылы алынған, қара түсті Меrcedes Benz S-Class көлігін мінеді. Павлодар әкімі Ержан Иманслям 2017 жылы алынған Kia Quoris Premium+ көлігімен жүреді. Түсі - қара металл. Талдықорған әкімі Ғалымжан Әбдірайымов 2018 жылы шығарылған, сұр түсті KIA Quoris көлігімен жүреді.
Жауаптарға қарағанда әкімдердің көбі қара түсті көлік мінеді.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы қаңтарда қымбат көлік алу мен түрлі форум өткізуге мараторий жариялаған болатын.