Елімізде қала әкімдері қандай көлікпен жүреді?

Елімізде қала әкімдері қандай көлікпен жүреді?

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан қалаларының әкімдері қандай қызметтік көлікпен жүреді?  width= Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюповтың қызметтік көлігі - 2008 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser. Әкімдіктің мәліметінше, қазір коронавирус пандемиясына байланысты бұл көлік қалалық ауруханаға пайданалуға берілген. Сондықтан қала әкімі қазір өзінің жеке көлігімен - 2005 шығарылған Toyota Corolla-мен жүреді.  width= Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 2018 жылы шығарылған Skoda Octavia көлігімен жүреді. Түсі - қара. Әкімдіктің мәліметінше, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап астана әкімшілігінің қызметкерлерін такси қызметі тасымалдайды. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылады. Әкім жүретін көлікті де такси қызметі ұсынады.  width= Көкшетау әкімі Амангелді Смайылов 2013 жылы шығарылған Kia Mohave маркалы көлігімен жүреді, түсі - қара металл.  width= Семей әкімі Ермак Салимов 2016 жылы шығарылған қара түсті Toyota Camry маркалы қызметтік көлігімен жүреді.  width= Петропавл әкімі Болат Жұмабеков 2015 жылы шығарылған Kia Quoris көлігімен жүреді. Түсі - қара металл.  width= Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай 2010 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser Prado көлігімен жүреді. Түсі - қара.  width= Атырау әкімі Қайрат Оразбаев 2017 жылы шығарылған, түсі қара Toyota Camry көлігімен жүреді.  width= Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров 2011 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser 200 көлігімен жүреді, түсі - қара.  width= Өскемен әкімі Жақсылық Омар 2017 жылы шығарылған, ақ түсті Toyota Camry автосымен жүреді.  width= Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов 2011 жылы шығарылған, қара түсті Lexus LX 570 қызметтік көлігімен жүреді.  width= Қызылорда әкімі Нұрлыбек Налибаев Kia Sorento кроссоверімен жүреді. 2019 жылы шығарылған, қара түсті. Әкімдіктің мәліметінше, көлік облыстық мемлекеттік мүліктен берілген.  width= Қостанай әкімі Қайрат Ахметов 2010 жылы шығарылған қызметтік Lexus LX 570 көлігімен жүреді. Бұл авто әкімдікке "Шаруашылық 2012" ЖШС-дан қайтарымсыз негізде  берілген.  width= Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2013 жылы алынған, қара түсті Меrcedes Benz S-Class  көлігін мінеді.  width= Павлодар әкімі Ержан Иманслям 2017 жылы алынған Kia Quoris Premium+ көлігімен жүреді. Түсі - қара металл.  width= Талдықорған әкімі Ғалымжан Әбдірайымов 2018 жылы шығарылған, сұр түсті KIA Quoris көлігімен жүреді. Жауаптарға қарағанда әкімдердің көбі қара түсті көлік мінеді. Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы қаңтарда қымбат көлік алу мен түрлі форум өткізуге мараторий жариялаған болатын.

Tengrinews.kz

Жүктелуде...