Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
ашық дереккөзі
 width= Қазақстанда темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Осыған байланысты темекі белгіленген мерзімінен бұрын қымбаттайды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, жаңа таңбалау жүйесіне байланысты темекі өнімдері алты пайызға қымбаттайды. Егер қазір бір қорап темекі орташа есеппен 440 теңге болса, 1 қазаннан бастап 470 теңге болады. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері цифрлық таңбалау тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, сондай-ақ контрафактінің қазақстандық нарыққа енуіне жол бермейтінін атап өтті. Сондай-ақ дереккөз мәліметінше, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір қорап темекі орташа есеппен 500 теңге, тағы жарты жылдан кейін - 520 теңге болады. Ал 2023 жылға қарай оны 600 теңгеге сатып алуға болады. Бұл таңбалаумен емес, акциздік ставканың өсуімен байланысты дейді.