Қазақстан ФИФА рейтингінде жоғарылады

18 Мамыр, 2018 979 0

Халықаралық футбол қауымдастығының ресми сайтында 17 мамыр күні жаңартылған рейтингте футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы екі сатыға жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан құрамасы соңғы айда ешқандай ойын өткізбесе де, ФИФА рейтингінде екі сатыға жоғарылап, 117 орынға шыққан. Станимир Стойлов командасы наурыз айында Венгрия (3:1) және Болгария (1:2) құрамаларымен жолыққан болатын. Біздің футболшылардың келесі ойыны 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында Әзірбайжан құрамасына қарсы өтеді. Әзербайжан құрамасы жаңа рейтингте - 126 орында тұр. ФИФА рейтингі. 17 мамыр: 1 (1). Германия - 1544 ұпай, 2 (2). Бразилия - 1384, 3 (3). Бельгия - 1346, 4 (4). Португалия - 1306, 5 (5). Аргентина - 1254, 6 (6). Швейцария - 1179, 7 (7). Франция - 1166, 8 (8). Испания - 1162, 9 (9). Чили - 1146, 10 (10). Польша - 1128, 117 (119). Қазақстан - 273.

Тегтер: фифа, қазақстан, футбол, рейтинг

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.