Түркістан облысының Мәдениет басқармасына жаңа басшы келді

21 Ақпан, 2019 760 0

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып Нұрдәулет Еркінұлы Исабек тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Нұрдәулет Еркінұлы 1974 жылы 29 тамызда  Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты  Сұраншы батыр атындағы ауылында туған.  

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясында «Графикалық дизайн» кафедрасында оқу шебері болып бастаған.   

1999-2018 жылдар аралығында Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясында «Графикалық дизайн» кафедрасының оқытушы, меңгерушісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Магистратура және аспирантура» бөлімінің меңгерушісі, шығармашылық істер және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық бағдарламасының стипендианты,  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат - колледжінің басшысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Өнер, мәдениет және спорт» институтының директоры қызметтерін атқарған.  

Ол 2018 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімін  басқарып келген. 

Дерек көзі : ҚазАқпарат



Тегтер: түркістан, мәденниет, басшы, әкім, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.