«ҚазАгроның» басшысы ауысты

21 Ақпан, 2019 2843 0

«ҚазАгро» холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рүстем Құрмановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның міндеттерін уақытша атқару Ельнар Жолдасовқа жүктелді. Бұл туралы newsroom.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жолдасов Ельнар Расилханұлы 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек жолын 2001 жылы бастаған, 2001-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.



Тегтер: қазагро, холдинг, басқарма, уақытшаатқару, директор

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.