"Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мемлекеттік грант бойынша оқуға болмайтын жоғары оқу орындарының тізімін жариялады, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі үлкен қадам жасады – 36 жоғары оқу орнына мемлекеттік грант бөлінбеді. Білім ордалары түлектердің жұмысқа тұруының төмен деңгейі және "Атамекен" ҰКП рейтингіндегі (біздің әдістеме негізіне жұмыспен қамту және білім беру бағдарламаларының өзектілігі алынған) төмен позициясы бойынша іріктелді", - дейді Ордабаев.
Оның айтуынша, тізімге кірген оқу орындарының жұмысына қатысты сұрақ көп. Осы орайда ол бірнеше қызықты фактіні мысалға келтірді.
"Қазақстан инновациялар және телекоммуникациялық жүйелер университетінде күндізгі бөлімде 1 528 адам оқып жатыр. Осы ретте 1-курста – 3, 2-курста – 6, 3-курста – 5, 4-курста – 1 513 студент! Сонда бұл қалай болғаны? Осы жоғары оқу орны елдегі заңгер түлектердің 13%-ына диплом береді. Мәселен, Қазақ мемлекеттік заң университетінде 2018 жылы заңгер мамандығы бойынша 185 түлек диплом алды", - деп атап көрсетті Ордабаев.
Бұдан бөлек, Орталық Азия университетінде экономист-түлектердің 30 проценті ғана жұмыс орналасып жатады. Осы оқу орнында білім беру бағдарламасының өзектілігі 10 проценттен де төмен.
"Сол сияқты Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетте "Информатика" мамандығы бойынша түлектердің небәрі 29%-і жұмыс табады. Тағы төрт мамандық бойынша жұмыс табу көрсеткіші 50%-ке жетпейді", – деп атап өтті Олжас Ордабаев.
ЖОО–лар тізімі