Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Көріпкел болжады: Елімізде коронавирус қашан аяқталады?

Көріпкел болжады: Елімізде коронавирус қашан аяқталады?

Көріпкел болжады: Елімізде коронавирус қашан аяқталады?
ашық дереккөзі
 width= Коронавирустің екінші толқыны қашан басталады? Індеттің салдары бұл жолы қаншалықты ауыр болмақ? Індет жағадан алғанда, алдағы қыс қысып беріп, етектен тартып жүрмей ме? Елімізде саяси дүрбелеңдер тууы мүмкін бе? Зілзаладан, су тасқынынан, табиғи апаттардан қауіп бар ма? Алдымызда үшінші дүниежүзілік соғыс күтіп тұрған жоқ па? Бұл сауалдарға ашық жауап беретін бірден-бір адам – экстрасенс. Болашақты көре білетін ерекше адамдар саусақпен санарлық. Бұл қабілет екінің біріне берілмесі анық. Анар Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында, Ават ауылында тұрады. Адам емдейді, болашаққа болжам жасайды. Алдынан дертіне шипа іздеп келген адамның қарасы үзілмейді. Тегін айтудан, өзін фотоға түсіруден үзілді-кесілді бас тартты. Десе де, Nege-нің сұрақтарына жауап беруге келісті. – Коронавирустің екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Бұл халқымызға қиын тимей ме? – Елімізде короновирустің екінші толқыны сөзсіз болады. Қараша айының аяғында басталады. Бірақ екінші толқын алғашқыдағыдай ауыр болмайды. – Жеңіл өте ме? – Иә, жеңілдеу өтеді. Қазір халқымыз бұған дайын. Күн суытқан кезде вирус өршиді. Рас, бірінші толқын елімізге өте ауыр тиді. Өйткені, ешқандай дайындығымыз болмады. Талай адам көз жұмды. – Екінші толқын кезінде адам шығыны көп болмай ма? – Ондай болмайды. Пневмониядан өзгеше түрде өтеді. Бұл жолы өкпеден қысу болмайды. «Балаларға да қауіпті түрі тарады» деп қорқытып жатыр. Бірақ ол тұмау секілді өтеді. Халық екінші толқында сақтық шараларын жасауға дайын. – Осы аты жаман індеттен қашан құтыламыз өзі? – Тышқан жылы ауыртпашылықпен басталды. Жыл басы – наурыздан басталған індет келесі наурызға дейін созылады. Сосын бәрі тынышталып, қалыпқа келеді. Бізге желтоқсан мен қаңтар айы ауырлау тиеді. Әсіресе, желтоқсан айы адамдардың мазасын қашырады. – Жұт жеті ағайынды дейді халық. Індет тараған тұста табиғат та мінез көрсетіп жүрмей ме? Алдағы қыс қандай болады? – Қыс қатты болмайды. Жайлы деп те айта алмаймын. Бірақ сақырлаған аяз болмайды. Бірқалыпты өтеді. Тышқан жылы кетіп, сиыр жылы келгенде жақсылықтар басталады. – Табиғат жайы түсінікті. Бірақ ел ішіндегі жағдай туралы айтып берсеңіз? Кейбір елдерде саяси дүрбелеңдер, толқулар болып жатыр. Ал біздің алдымызда не күтіп тұр? – Үкімет басында ауыс-түйіс болмайды. Бірақ бұл  билік ауыспайды деген сөз емес. Билік сапын жастар толықтыра бастайды. Яғни, Қазақстанда төңкерістер, саяси сілкіністер болмайды. Рас, саясат сахнасына біреулер шығады. Митинг, шеру ұйымдастырады. Жер-жерден шығып, бас көтереді. Бірақ халық болып көтеріліп, үкіметті төңкеріп тастамайды. Басшылар шетінен кетіп, орнына жастар келеді. Мәшһүр Жүсіп атамыз айтып кеткен болжам келе жатыр. Жетпіс жыл дінсіздер, отыз жыл ұры-қарылар басқарады, сосын... – Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман келе ме? – Иә, жастар келе жатыр. Жастармен бірге көп нәрсе түзеледі. – Қазір ғана «Қазақстан түбі Ресейге қосылады» деген бір саясаткердің пікірін оқып қалдым. Бұған не айтар едіңіз? – Жоқ, Қазақстан Ресейге қосылмайды. Қазақстан қазақ болып қалады. Қазақстан емес, қазақ болып қаламыз. – Алдымызда түрлі төтенше жағдайлар күтіп тұрған жоқ па? – Қатты қыспақ жоқ. – Нәубет, зілзала, су тасқындарынан аманбыз ба? – Табиғаттан келер залал жоқ. Техногенді апаттар болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың өз салғырттығынан, салақтығынан болады. Бірақ үлкен апаттарды көріп тұрғаным жоқ. 2024 жылға дейін үй құлайтындай жер сілкіністері болмайды. – Пандемияның кесірінен еліміздің әл-ауқаты біршама нашарлап кетті. Жағдайымыз қашан жақсарады? – Сиыр жылы жақсылығымен, құт-берекесімен келеді. Негізі біз жаман ойлардан арылуымыз керек. «Экономика құлдырады», «жағдай нашарлады» деген күннің өзінде халық бұған оңай төтеп береді. Бізді көтеретін ауыл шаруашылығы болады. Сол арқылы халықтың тұрмысы түзеледі. Рас, көп адамдар басқа елдерге қоныс аударады. Қиыншылықтардан, мына індеттен ақырындап құтыламыз. – Коронавирустың емі табыла ма? – Біз көбіне шетелге жүгіреміз. Өз медицинамызды бағалап, көңіл бөлгеніміз жөн. Қазақстанда неше түрлі дәрілік шөптер бар. Жақсылап көңіл бөлсек, дәрісі бар. – Қазір АҚШ пен Қытай арасында қырғи-қабақ соғыс басталды. Украина, Сирия және басқа да елдерде соғыс болып жатыр. Халықаралық жанжалдардың бір жағында Ресей де бар. Кейде әлем үшінші дүниежүзілік соғыстың табалдырығында тұрғандай әсер қалдырады. Алапат қантөгістер болуы мүмкін бе? – Қантөгістер болады. Бірақ алапат соғыс көрінбейді. Әйтеуір, біздің аймақта жоқ. Қытай, Ресей секілді елдермен бейбіт тұратын боламыз. Әрине, алпауыт елдердің арасындағы мүдде қайшылықтары кейде даурығып барып, басылады. Дүниені дүр сілкіндіретіндей соғыс жоқ алдымызда. – Сиыр жылы жақсылық көп болады дедіңіз. Соны тарқатып айтып бере аласыз ба? Нақты қандай жақсылықтар күтіп тұр бізді? – Көп жеңілдіктер бола бастады. Жастардың мүмкіндігі, жолдары ашылады. Жастардың білімге құштарлығы ашылады. Болашағымыз – білімде. Осы тұрғыдан жастарға даңғыл жол ашылады. Билікке жастар келіп, биліктің қалай өзгергенін халықтың өзі түсінбей қалады. Осы бес жылдың ішінде талай жақсылыққа, жеңілдіктерге куә боламыз. Бос сөздерден арылып халықтың санасы жаңғырады.

Nege.kz