Нұрлан Нығматулин Аустрияға ресми сапармен барды

21 Ақпан, 2019 2397 0

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Республикасына алғаш рет ресми сапармен барды. Бұл туралы  ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

Іс-сапар барысында Н.Нығматулиннің Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің Төрағасы В.Соботкамен келіссөз жүргізуі жоспарланған.  

Сонымен қатар, Аустрия Парламенті Федералдық Кеңесінің басшысы И. Аппемен, ЕҚЫҰ қазіргі Төрағасы М. Лайчакпен және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жетекшісі Г. Церетелимен кездесулері қарастырылған. Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясында сөз сөйлейді деп күтілуде. Ассамблея Еуропаның, Азияның және Солтүстік Американың 57 елінің 300-ден астам Парламент өкілдерін біріктіреді.  

Сессия барысында Мәжіліс Төрағасының бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған. 

Тегтер: нұрланнығматулин, іс-сапар, парламент, мәжіліс, кездесу, ресми

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.