Жаңалықтар

Алматыда екі мұғалім оқушы қыздарды зорлады деп айыпталып жатыр

Алматыда екі мұғалім оқушы қыздарды зорлады деп айыпталып жатыр

 width= Алматы облысында екі педагогке қатысты тергеу шаралары басталды. Олар кәмелетке толмаған балаларды зорлағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Үштөбе қалалық полициясына 16 жастағы екі оқушының ата-аналары арыз түсірген. Олардың шағымы 13 тамызда тіркелді. Бүгінде дене шынықтыру пәні бойынша екі мұғалім қамауға алынды. Олар екі бөлек мектепте жұмыс істейді. Екеуі де кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды бірнеше рет зорлады деген күдік бар. Бір қыз Қапшағай колледжінде оқиды, ал екіншісі – Үштөбе мектебінің оқушысы. Облыстық білім беру басқармасы осы ақпаратты растады. Бірақ тергеу шараларының жүргізіліп жатуына байланысты басқарма басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова оқиғаның мән-жайын айтпады. Алайда, екі мұғалімге қатысты пікір білдірді. "Иә, біз осы фактілер туралы білеміз. Қазіргі кезде полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Сол себепті оқиғаның мән-жайын айта алмаймыз. Негізі, екі мұғалім де үйленген. Бас кезінде мінездемелері де жақсы болған", - дейді Сүлейманова. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін сол білім беру мекемелерінде оқушылар арасында сауалнама жүргізілген. Бірақ тәртіп бұзушылықтар туралы мәлімет тіркелмеді. Облыстық полиция департаменті ресми ақпарат бермеді. Тергеу шаралары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, тағы бір адамның осы іске қатысы болуы мүмкін деген ақпарат шықты. Бірақ ол білім беру саласында жұмыс істемейді.