Жаңалықтар

Ақылы жол жобасына 25 млрд теңге бөлінді: Еліміздің автожолдарының қаншасы ақылы болмақ?

Ақылы жол жобасына 25 млрд теңге бөлінді: Еліміздің автожолдарының қаншасы ақылы болмақ?

 width= Қазақстан автожолдарының жартысы ақылы болады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап. Оған 25 миллиардтан астам қаражат бөлінді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады. Ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 11 мың шақырымға жеткізіледі деп жоспарланған. Сонымен, келесі жылы 13 жол ақылы болады. Елорда тұрғындары үшін енді Павлодар, Қостанай, Ресейдің Троицк қаласына дейін ақылы автожолмен қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар Орал – Саратов, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Қызылорда – Шымкент – Тараз, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда автожолдарында көлік жүргізушілерінен ақы алу жүйесі іске қосылады. Бұдан бөлек, Ақтөбе – Орал – Самара, Павлодар – Омбы, Ақтау – Бейнеу, Павлодар – Семей – Қалбатау, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасының жолы да ақылы болмақ.