Түркістан қаласында Тurkestan hub IT орталығы ашылды

21 Ақпан, 2019 2378 0

Бүгін Түркістан қаласында Тurkestan hub IT орталығы ашылды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл –  IT саласындағы кәсіпкерлердің, жас мамандардың, инвесторлардың ынтымақтастығы үшін жағдай жасалған ашық алаң. Мұнда қатысушылар тәжірибе алмасып, идеяларды іске асыра алады. Бүгін ашылған «Жастар ресурстық орталығының» ғимаратында орналасқан бұл орталыққа елімізге танымал ІТ саласының өкілдері жоғары баға беріп отыр.

Орталықтың ашылуына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

Тurkestan hub IT орталығында «ІТ park» жас бағдарламашылар мектебі іске қосылды. Мақсат – түркістандық жастарды осы салаға бейімдеп, олардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Мамандар даярлай отырып,   отандық ІТ өнімдері мен жаңа компаниялар ашу. Кез келген жас осында келіп, ІТ саласы бойынша білім алып, білімдерін жетілдіріп, жаңа стартап жобалары мен тың идеяларын ұсына алады. ІТ park мектебінің шәкірті атануға 14 пен 29 жас аралығындағы облыс жастарының мүмкіндігі бар. Сонымен бірге мұнда жастарға модельдеу, бағдарламалау, смартфондарға арналған мобильдік қосымшаларды іске қосу мен сайт ашу және тағы басқа жұмыстар бойынша тәжірибелік сабақтар ұсынылады.  Тек қана оқытып қана қоймай, жоба әзірленіп, коммерциализация жасалынады. Жастардың жобаларына инвесторлар тарту арқылы өз кәсібін ашуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Сондай-ақ мұнда Түркістан базасында хаб прототиптеу зертханалары мен отандық IT-компанияларды зерттеуге арналған орталықтарды орналастыру көзделіп отыр. Бұл қатысушыларға прототиптерді әзірлеуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл орталық елге пайдалы жобалардың ұстаханасына айналады деген сенім бар.

Тегтер: түркістан, орталық, it, жастар, инвестор

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.