Жаңалықтар

Карантин жеңілдетілді: мейрамханаларға 50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілді

Карантин жеңілдетілді: мейрамханаларға 50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілді

 width= Қазақстанда 2020 жылғы 15 тамыздағы карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Өзгеріске сүйенсек, кафе, мейрамханалар, ашық және жабық алаңда 50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілді. Маска режимі және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, кинотеатрларға ашық алаңда жұмыс істеуге; Театрдың көрермені 50 адамнан аспайтындай, infokazakhstan.kz порталында тіркеліп, сондай-ақ маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтап жұмыс істеуге; Сауда орталықтарында (жеке ғимаратта) орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарында 50 орыннан асырмай, ұжымдық шара өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етілді.