Қазақстанда 2020 жылғы 15 тамыздағы карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің
ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Өзгеріске сүйенсек, кафе, мейрамханалар, ашық және жабық алаңда 50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілді.
Маска режимі және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, кинотеатрларға ашық алаңда жұмыс істеуге;
Театрдың көрермені 50 адамнан аспайтындай, infokazakhstan.kz порталында тіркеліп, сондай-ақ маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтап жұмыс істеуге;
Сауда орталықтарында (жеке ғимаратта) орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарында 50 орыннан асырмай, ұжымдық шара өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етілді.