Қытай ғарышта күн электр станциясын салмақ

20 Ақпан, 2019 659 0

Қытайлық ғалымдар ғарышта күннің қуатын жинап, оны сәуленің көмегімен Жерге жіберетін орбиталық электр станциясын дайындап жатыр. 

Қытайлық БАҚ мәліметінше, Чунцин қаласында ғарыштан сәулені қабылдайтын тәжірибелік базаның құрылысы басталып кеткен. 

Электр станциясының алғашқы сынақтық нұсқасын 2021-2025 жылдардың аралығында стратосфераға жіберу жоспарланып отыр. Ғарыштық электр станциясының жасалып жатқаны туралы бірінші болып Science and Technology Daily басылымы хабарлаған еді. Басылым мәліметінше, құрылғы 36 мың шақырымға жуық биіктікте геостационарлық орбитада, яғни бір нүктеде тұрып, Жермен қатар айналып тұруы тиіс.

Жердегі күн панельдерімен салыстырғанда, ғарыш станциясы қуатты тәулік бойы, ауа райы, мезгілдер мен тәуліктің ауысуына қарамастан 6 есе тиімдірек өндіреді.

Тегтер: қытай, ғалым, күн, қуат, электр, станция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.