Көп балалы отбасы қайырымдылық қоры таратқан ноутбукты сатпақшы болған
Көп балалы отбасы қайырымдылық қоры таратқан ноутбукты сатпақшы болған



"Салиқалы Ұрпақ" қоғамдық қоры мұқтаж жандарға көмектесуге әрқашан дайын. Биылғы оқу жылында біз аз қамтылған отбасылардың балалары бағдарламадан тыс қалмасын және онлайн режимінде қиындықсыз оқисын деген үмітпен біз Алматы қаласы мен Алматы облысында 1000 ноутбук сыйға тарттық. Кейін олардың біреуі сатылымға қойылғанын білгенде қатты қынжылдық. Жағдайды білгенде, біз отбасыға тамақ керек екенін түсіндік, сондықтан біз бірден көмектестік. Өздеріңіз білетіндей, "Салиқалы Ұрпақ" қоры ай сайын аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін береді. Біз бұл отбасын тізімге қосуды жоспарлап отырмыз. Ата-аналар мен балалар не ішіп-жеймін деп алаңдамай, білім алғанын қалаймыз. Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі", - деді қордың директоры Қасым Қасабеков.
