Көп балалы отбасы қайырымдылық қоры таратқан ноутбукты сатпақшы болған

Көп балалы отбасы қайырымдылық қоры таратқан ноутбукты сатпақшы болған

ашық дереккөзі

 width= Көпбалалы отбасы қайырымдылық қоры таратқан ноутбукты сатпақшы болған, - деп хабарлайды  Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ақпарат Baigenews.kz порталында жарияланды. БАҚ мәліметінше, тегін хабарландырулар сайтында жаңа ноутбук сатылатыны туралы жазбалар пайда болған. Желі қолданушылары фотосуреттерден қашықтықтан оқу құрылғысын көрген, оны "Салиқалы ұрпақ" қоры мұқтаж отбасыларға тегін таратқан болатын.  width= Мұқабасында қордың атауы жазылғаны айдан анық көрініп тұрды. Бірер минуттан соң, жарнама өшірілген.  width=

"Салиқалы Ұрпақ" қоғамдық қоры мұқтаж жандарға көмектесуге әрқашан дайын. Биылғы оқу жылында біз аз қамтылған отбасылардың балалары бағдарламадан тыс қалмасын және онлайн режимінде қиындықсыз оқисын деген үмітпен біз Алматы қаласы мен Алматы облысында 1000 ноутбук сыйға тарттық. Кейін олардың біреуі сатылымға қойылғанын білгенде қатты қынжылдық. Жағдайды білгенде, біз отбасыға тамақ керек екенін түсіндік, сондықтан біз бірден көмектестік. Өздеріңіз білетіндей, "Салиқалы Ұрпақ" қоры ай сайын аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін береді. Біз бұл отбасын тізімге қосуды жоспарлап отырмыз. Ата-аналар мен балалар не ішіп-жеймін деп алаңдамай, білім алғанын қалаймыз. Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі", - деді қордың директоры Қасым Қасабеков.
 width=

Жүктелуде...