Жаңалықтар

Шекарада Армения мен Әзірбайжан тағы қақтығысты: қаза тапқандар бар

Шекарада Армения мен Әзірбайжан тағы қақтығысты: қаза тапқандар бар

 width= Армения қарулы күштерінің сержанты Овик Тамазян шекара маңында алған жарақаттан көз жұмды. Бұл туралы Армения қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Оқиға 16-қыркүйекте болған. «Қарсыластың арандатуын тоқтату мақсатында шекара маңына қосымша әскери күш жұмылдырылған еді. 16-қыркүйектегі арандату барысында сержант Овик Тамазян жарақат алып, қаза тапты» — делінген арнайы хабарламада. Армения Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскеридің отбасына көңіл айтып, бар кінәні Әзербайжан тарапына артты.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ