Армения қарулы күштерінің сержанты Овик Тамазян шекара маңында алған жарақаттан көз жұмды. Бұл туралы Армения қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Оқиға 16-қыркүйекте болған.
«Қарсыластың арандатуын тоқтату мақсатында шекара маңына қосымша әскери күш жұмылдырылған еді. 16-қыркүйектегі арандату барысында сержант Овик Тамазян жарақат алып, қаза тапты» — делінген арнайы хабарламада.
Армения Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскеридің отбасына көңіл айтып, бар кінәні Әзербайжан тарапына артты.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ