Коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцина ДДҰ ұсынған тізіміне қосылды

Коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцина ДДҰ ұсынған тізіміне қосылды

ашық дереккөзі

 width= Коронавирус инфекциясына қарсы әзірленген екінші вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакциналар тізіміне қосты. Бұл туралы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚазҰАУ) жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. "Біздің наноэмульсивті майлы адъювант негізіндегі SARS-CoV-2 (COVID-19) вакцинамыз 2020 жылдың 9 қыркүйегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жарияланған вакциналар тізіміне енгізілгенін зор қуанышпен хабарлаймын", – деп жазды Табынов өзінің Facebook-тегі парақшасында. Казақстандық екі вакцина да ДДҰ сайтында жарияланған вакциналардың тізіміне қосылған. Бұл вакцинаны ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығы мен Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялардың ұлттық ғылыми орталығы бірлесе әзірлеп шығарған. Қазір ол клиникаға дейінгі зерттеуден өтіп жатыр. "Осы орайда, зерттеуге қатысушылардың барлығына осы кезге дейін және бұдан кейін де атқаратын жұмыстары үшін алғыс білдіремін. Баршаңызға сәттілік тілеймін", – деп жазды ол.

Жүктелуде...