«Сергек» камералары іске қосылғаннан кейін жол ережесін бұзу азайды

20 Ақпан, 2019 2129 0

Бейне-бақылау жүйесінің арқасында ЖКО салдарынан болатын өлім-жітім саны екі есеге азайды, деп хабарлайды newsroom.kz  Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты сілтеме жасап.                 

Астана әкімінің берген мәліметіне қарағанда,  қалада қазіргі таңда 6 мыңнан астам камера орнатылған. Олардың барлығы жұмыс істеп тұр әрі өзара байланыстырылған. Аулаларда жасалатын қылмыстар саны екі есе төмендеді. «Сергек» бейне-бақылау жүйесінің арқасында ЖКО салдарынан болатын өлім-жітім екі есеге азайған.

««Сергекті» барлығы ұнатпайды. Бірақ ол жол апатын және содан болатын адам өлімін азайтуға ықпал етті. Мұндай нәтижелерге қол жекізуіміз өте жақсы», – деді әкім.  

Ол, сондай-ақ, iKomek орталығы және қала тұрғындарының көмегімен өткен жылы 5 мыңнан астам кәріз құдығы қақпағының жоғалғандығының анықталғандығын айтты.  

«Ол қақпақтарды айдаладағы біреу емес, сізбен-біздің көршіміз, осы қаланың тұрғыны сатып алуда. Егер сұраныс болмаса, ұсыныс та болмас еді. Біз өзіміздің және жанашыр белсенді тұрғындардың көмегімен қақпағы жоқ құдықтарды анықтап, мәселені сол жерде шешіп жатырмыз. Ол егер экономикалық шығын ғана болса бір сәрі. Бірақ жағдай ондай емес, адамдар қайтыс болып жатыр», – деді Б.Сұлтанов.  


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/18219

Тегтер: астана, сергек, камера, жолережесі, бақылау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.