Пандемия кезінде ұстаздардың қадірін түсініп, оларға жағдай жасауға тікелей мемлекет болып әрекет ете бастадық. Педагог мәртебесін көтеру, жалақыны өсіру секілді өзекті тақырыптар күн тәртібіне шықты. Осы ретте Абылай Құлтайдың "Ұстаз" атты аудармасын ұсынып отырмыз. Шығыс аңыздарынан алынған. - Ұстаз, мені есіңізге түсіре алдыңыз ба?
- Жоқ, -деді мұғалім.
- Қалайша? Балалық кез. Сол күні мен өз сыныптасымның сағатын ұрлап алған едім. Әлгі жігіт сағатының жоғалғанын айтып, сабақ үстінде оқушылар дүрліге бастады. Қатты қорқыныштан мен не істерімді білмей, абдырап қалдым. Іштей өкініш өртеп, күйіп барамын. Сосын сіз барлығымызды тақтаға шығарып, көзімізді жұмып тұруға бұйрық бердіңіз де, қалтамызды тексере бастадыңыз. Барлығымызды қатар бойымен тексеріп, кезек маған да жетті... Бірақ қалтамнан сағат табылғанымен тексеруді тоқтатпай, әрі қарай өтіп кеттіңіз. Соңында сағатты егесіне қайтарып беріп, бірақ қай қалтадан шыққанын айтпадыңыз. Бәріміз аң-таң. Тіпті кейін мені жеке шақырып та ұрсыпадыңыз. Енді есіңізге түстім бе?
- Жоқ,- деді мұғалім, - сол үні мен де сендерді көзімді жұмып тексеріп едім...