Блефаропластика сиқыры

20 Ақпан, 2019 945 0

Қалыбы өзгерген қабақ

Қабақтың  қалыбын өзгертуге негізделген операцияны блефаропластика деп атаймыз. Сонда қабақтың пішінін өзгертудің қажеті қаншалықты? Аталмыш косметикалық операция азиаттар арасында ең жоғарғы сұранысқа ие. Демек біз қойған сауалға жауап та табылып келеді.

Блефаропластика жас келген сайын көздің айналасындағы пайда болатын өзгерістерді, нақтырақ айтқанда қабақтың салбырап, терінің созылуы сынды келеңсіздікті қалыпқа келтіру мақсатында пайда болған. Осындай себепке байланысты қабақта пайда болған ақауды әйелдер жағының түзеттіруге шешім қабылдайтыны сөзсіз. Алайда бұл отаға орта жастан асқан әйелдер ғана емес,  он алтыдағы бойжеткен де жүгініп жатыр.

Қабақ пластикасын жасату себептері:

  • Қабақтың «қартаюы»;
  • Қабақтың ауырлауы, көздің мүлдем көрінбей қалуы;
  • Көздің жоғарғы жағындағы терінің созылуы, салбырауы;
  • Көздің астыңғы қабағының домбығуы
  • Астыңғы қабақтың терісінің аз болуы.

Блефаропластика  ауызекі тілде «еуропалық қабаққа ұмтылыс» деген атауға да ие болып үлгерген екен. Сонда еуропалық қабақ пен азиалық қабақтың айырмашылығы неде? Көздің жоғарғы қабағында қатпардың болмауы – азиалық қабақ деп алса керек. Ал ота кезінде қабақтағы салбыраған артық тері мен қабақ астындағы май қабаты алынады. Қабақтың үстіне қатпар салынады. Ол қатпарды ғылым тілінде эпикантус деп атайды.  Эпикантусты тілген шақта көздің ішкі жағы ашылғандықтан көздердің арасында жақындық пайда болады. Операция бір сағат шамасында болады. Ота біткеннен кейін , қабақтағы тігістерді бір аптадан соң алады.

Блефаропластиканың зияны бар ма?

Мамандар блефаропластиканың көздің көруіне кері әсері болмайтынын айтып келеді. Алайда тері астындағы гематома, көздің жасаурай беруі, құрғақ кератоконъюнтивит,эктропин және диплопия сынды асынуларға алып келуі мүмкін. Сондықтан ота жасатар алдында дәрігермен кеңесіп, ағзаңыздың артықшылықтары мен ерекшеліктерін талқылау қажет.

Отаны жасатуға іштей дайындық

Мамандар ақылдасу кезінде  күмәнді жағдай туса, ота жасатпауға кеңес беруі тиіс. Әрине ота жасату- шаштаразға барып шаш кестіре салу емес. Бұрынғы қабақты қайта қалыпқа келтіру мүмкін емес. Сондықтан ағзаның ерекшелігі ғана емес, жаңа көздің иесі болу үшін оған психикалық тұрғыда да даярлық қажет болады. Еуропалық көзқарас демекші, табиғи болмысты түбегейлі өзгертіп тастау мүмкін емес. Сондықтан  толығымен еуропалықтардікіндей баданадай жанардың иесі боламын деп сенімге беріліп кетуге де болмайды. Жеңіл ота түрі болғанымен, ағзаның қалыпты қызметіне пышақ араласқандықтан, иммундық жүйе  сыртқы ортаға ағзаны қайта бейімдеуге кіріседі. Ол сәтте адамға психикалық тұрғыда қобалжуға болмайтыны түсінікті емес пе?

Елдегі ахуал

Блефарапластика біздің елде де жиі жасалады. Қазақстандық мамандар бұл ота түрін тоқсаныншы жылдардың басында жасауды қолға алған. Тек нәзік жандылар ғана емес, біздің елдегі мамандарға ер азаматтар жүгінетін көрінеді. Бірақ ер азаматтар көзі екі түрлі ақаумен туылса, немесе ұрыс-керіс барысындағы қабаққа келген зақымдарды қалыпқа келтіру үшін ота жасатады екен. 

Дерек көзі : syrlasu

Тегтер: қабақ, операция, блеферопластика, ота, тері, мамандар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.