Ауызшарда және бекітерде қандай дұға оқылады?

17 Мамыр, 2018 2913 0

Имамдар ауыз бекітерде және ауыз ашарда оқылатын дұғаның қандай тілде оқыса да бола беретінін айтады. Бастысы – дұға қылушы дұғасын түсінсе болғаны.

Сәресіде оқылатын дұға: «Науайту əн асума  шаһра Рамадан минəл фаджри илəл мағриб халисан лиллəһи таъала.  Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан».

«Рамазан айының оразасын Алла разылығы үшін ұстауға ниет еттім».

Ауызашардағы дұға: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту«.

«Я, Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

Тегтер: рамадан, ораза, дұға, тілек, дін, ислам

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.