Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың саны артатынын айтты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Бұрын тізімде: толық емес; көпбалалы; мүгедек бала бағып отырған отбасылар болса, қазір тізімге халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарының бәрін қосылады. Биыл жетім балалар да бұл тізімге кірмек.
Азаматтарды қабылдау кезінде жиі көтерілетін мәселенің бірі – баспана. Пәтер алу жолдарын қарастыруды өтінген асыраушысы жоқ балалармен бірнеше рет кездестім. Санатты кеңейту құжатының жоспарын мәслихаттың алдағы сессиясына қарауға береміз. Құқықтық-нормативтік процедуралар аяқталған соң, сертфикат алушылар санатының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертфикатының мөлшері – 1 млн теңге. Оларды «Шаңырақ» (5-10-20) жобасына қолдануға да болады",- деп жазды елорда әкімі өз facebook парақшасында.
Жаңа тізімге енетіндер: - жетім балалар;
- I және II топ мүгедектері;
- зейнеткерлер;
- ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілгендер;
- мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары;
- табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде баспанасынан айырылғандар;
- бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар;
- «Алтын алқа»,
- «Күміс алқа» иегері немесе ертеде «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар;
- I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар;
- көпбалалы отбасылар кіреді.
Әкімнің айтуынша, мемлекет Басшысының тапсырмасымен қолжетімді баспана құрылысы үш есеге ұлғайған.