Құлаққаппен музыка тыңдаған: оқушы қыз оқыстан қайтыс болды
Құлаққаппен музыка тыңдаған: оқушы қыз оқыстан қайтыс болды
Таиландтың солтүстік-шығысындағы Ройет қаласында оқушы қыз қуаттау құрылғысына қосылған смартфоннан музыка тыңдап жатқан кезінде қайтыс болған, - деп мәлімдеді Lenta.ru. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, 16 жастағы Таниалук Фай Пхадасридің денесі 10 қыркүйекте, бейсенбіде табылған. Ол күйіп қалған телефонды қолына қысып жатқан күйі табылды. Мойны мен қолы күйік алғаны айтылады.
Полицейлердің айтуынша, қыз өз бөлмесінде отырған. Құлаққап арқылы телефоннан музыка тыңдап отырған сәтте оны ток ұрған делінеді.