Сондай-ақ, бір материал әкімшілік сотқа жіберілді. Кәсіпкерлік субъектілері көбіне жұмыс және маска режимін бұзады, дезинфекциялық құралдарды пайдаланбайды. Әкімдіктің хабарлауынша, Түрксіб ауданындағы "Ламази" мейрамханасында 60 адамға арналған үйлену тойы өткен. Дәл осыған ұқсас заңбұзушылық Медеу ауданындағы "Айлина" мейрамханасында болған. Кәсіпкерлердің әрқайсысына хаттама толтырылып, 230 АЕК немесе 638 940 теңге айыппұл салынды."Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторинг тобы 2020 жылдың 7-14 қыркүйегі аралығында 39 нысан мен 83 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғанын анықтады. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 16 миллион 376 мың теңге", - делінген әкімдік хабарламасында.