Қазақстанда 1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады

20 Ақпан, 2019 759 0

Көктемгі мерзімдік әскери қызметке 16 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланған. 

ҚР Президентінің 2019 жылғы 13 ақпандағы №840 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап азаматтарды көктемгі мерзімдік әскери қызметке шақырту басталады, деп хабарлайды newsroom.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл көктемде мерзімдік әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 16 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланған.

Әскерге шақыру науқаны мен медициналық тексеру тәртібіне қатысты туындайтын сұрақтарды халыққа түсіндіру мақсатында 8 (7172) 72-14-20 және 72-16-06 телефон нөмірлері бойынша байланыс желісі ұйымдастырылады.


Тегтер: әскер, ант, қызмет, шақырту, армия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.