Елімізге вакциналау басталды: кімге тегін , кімге міндетті?

Елімізге вакциналау басталды: кімге тегін , кімге міндетті?

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Атырау облысында тұмауға қарсы вакцина салу басталды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Тегін вакцина жасы алты айдан асқан балаларға, жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне және созылмалы сырқатпен диспансерлік есепте тұрған науқастарға, жасы 60-тан асқан егде адамдарға салынады.

«Ал, мекемелер тарапынан ақылы түрде екпе алуға өтінішті жергілікті емханалар арқылы беруге болады. Тұмауға қарсы салынатын вакцина Ресейден шығарылған. «Гриппол+» деп аталатын вакцинаны өткен жылдан бері қолданып келеміз. Былтыр облысқа 30 мың вакцина жеткізілсе, биылға 60 мың доза екпе әкелінді. Вакцина құрамы қарапайым, тұмаудың А(H3N2), А(H1N1) және В антигендері ғана бар. Сондықтан, екпені қорықпай алуға болады», - дейді Айнагүл Шаумова.
Күн суытқан мезгілде вирустық жұқпалы аурулардың таралу қаупі жоғарылайды.  

Жүктелуде...