Рекорд: Ресейлік зейнеткер отасыз 5 сағатта 9,3 келіге арықтады

Рекорд: Ресейлік зейнеткер отасыз 5 сағатта 9,3 келіге арықтады

ашық дереккөзі

 width= Махачкала қаласының тұрғыны, Ресейлік зейнеткер Багам Айгубов арықтаудан рекорд орнатты. 66-жастағы зейнеткер 9,3 келі салмақты бес сағаттық жүгіру барысында тастаған. Зейнеткердің айтуы бойынша осы әрекеті арқылы ол барлық еріншек адамдарға ой салғысы келген. Жүгірудің алдында түрлі спорттан Ресей, Еуропа және әлем чемпионы болған Багам Айгубов салмақ өлшеу рәсімін өткен. Таразы 88 келіні көрсетті. Зейнеткердің денсаулығына алаңдаған дәрігерлер спорт алаңында жүгіру біткенше тосып отырған. Зейнеткер бес сағаттық жүгіруден кейін өзін тамаша сезініп, денсаулығына нұқсан келмегені анықталды. Қарияны қолдауға туыстары, достары және туған өлкесі Муги ауылының тұрғындары келіпті. Салтанатты жағдайда зейнеткерге Ресей рекордтарының сертификаты табысталды.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...