Жаңалықтар

Көкшетаулық волонтерлер ұтып алған грантына зейнеткерлердің үйін жөндеп берді

Көкшетаулық волонтерлер ұтып алған грантына зейнеткерлердің үйін жөндеп берді

 width= Көкшетаулық волонтерлер ұтып алған грантын жалғызбасты зейнеткерлердің үйін жөндеуге жұмсады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. 18 жастағы Айза Мыңжасарова – өткен жылдың қазан айында Көкшетауда құрылған «Рахат» волонтерлер клубының өкілі. Бұл клубтың барлық қатысушысы, оның ішінде Айза да Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжде білім алады. Айзаның айтуынша, клубта жұмыс істейтін волонтерлердің саны - 10-15 адам. Алайда жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетуге арналған грантты ол «Жылу сыйлаймыз» атты жобасы арқылы ұтып алған. «Біз семинарға қатыстық, онда 68 грант ұсынылды. Мен ойлана келе өзімінің «Жылу сыйлаймыз» жобасын жасап, байқауға қатыстым. Біз жалғызбасты қарияның үйіне барып, жөндеу жұмыстарының қажеттілігін зерттедік. Қарттың үйінде терезе жоқ екен. Кейін маған грант ұтым алғанымды айтты», - дейді Айза. Грант қаржысы екінші траншпен бөлінді. Оның алғашқысы 150 теңгесіне волонтерлер жалғызбасты қарияның үйіне санитарлық торап, «раковина», су жылытқыш орнатып беріпті. «Бірінші траншқа бөлінген ақшаға құрбым екеуіміз қажетті сантехникалық заттарды сатып алдық та, оны орнату үшін жұмысшыларды жалдадық. Екінші транш бойынша тағы 150 мың теңге бөлінуі тиіс. Бұған қарияның үйіне пластик терезе орнатамыз», - деп толықтырды Айза. Ол мұқтаж жандардың мәліметтерін Жастар ресурстық орталығынан сұрап алған. Волонтерлер бұдан бөлек, науқас балалардың емделуіне қаржы жинап, қарттар үйіне барып көмектесіп тұрады.