Ирандық инвесторлар Түркістан өңірінде кірпіш зауытын ашпақ

19 Ақпан, 2019 731 0

Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов Ирандық «Farаdid Meehan» компаниясының халықаралық байланыс жөніндегі директоры Абдолреза Шохуд Талабпен кездесті. Иран елінен келген кәсіпкерді жерлесіміз, туған жеріне арнайы ертіп келген «Source Invest Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бақылаушылар кеңесінің төрағасы Оралбек Ботбай таныстырды деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 
Иран елінің белді кәсіпкермен кездесуде аудан басшысы еліміздің терең тарихы мен салт-дәстүрлерін айтып, алдағы уақытта ынтымақтастық аясында тығыз жұмыс жасайтынын жеткізді. Сонымен қатар, ауданымыз жаңарып, жаңғырып жатқан тұсында иран жұртымен өнеркәсіп саласында әріптестік орнатуға ынталы екенін меңзеді.
Өз кезегінде Ирандық Абдолреза Шохуд Талаб бастапқыда ауданымызға 10 млн инвестиция салып, кірпіш зауытын ашып, ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. 
Екі жақты отырыс нәтижесінде,  Бәйдібек ауданының әкімдігі мен Ирандық «Farаdid Meehan» компаниясының халықаралық байланыс жөніндегі директоры Абдолреза Шохуд Талабпен және “СПК “ Түркістан АҚ филиал директоры Н.Ильясов арасындағы өзара түсіністік меморандумы түзілді. Аталған құжат аясында Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округіндегі индустриалды аймақтан арнайы жер бөлініп, кірпіш зауытын ашпақ. 
Айта кетерлік жайт ирандық инвестор ауданнан соғылатын зауытта кірпіштің 7 түрін шығармақ. 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылатынын, 1 айда 4-5 млн, жылына 60-70 млн. кірпіш шығаратынын айтып отыр. Сонымен қатар жоба іске асқан кезде келесі жылы тағы да  10 млн қаржы құятынын тілге тиек етті. 

Тегтер: түркістан, иран, қазақстан, оралбек, ботбай, кірпіш, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.