Елімізде 4 пайыздық автонесиеге қосымша қаржы бөлінеді

19 Ақпан, 2019 746 0

Министрлер кабинеті 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөлу туралы қаулыны бірауыздан қабылдады, деп xабарлайды newsroom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл бағдарлама аясында қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді. Соның 8 миллиарды жеңіл көліктерді несиелеуге бағытталса, 2 миллиард теңгесі коммерциялық теxниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады.

«Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сатылады деген жоспар бар. Келесі жылдары револьверлік қаражат есебінен жылына орташа есеппен 400-500 отандық автомобиль сатылатын болады», - деді Ж.Қасымбек Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, 4 пайыздық автонесие бағдарламасы осыдан төрт жыл бұрын қолға алынған болатын. Содан бері бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінді. Соның арқасында 13 245 отандық автокөлік жеңіл кредитпен сатылып, 747 коммерциялық теxника лизингке берілді.

Тегтер: автонесие, қаржы, автомобиль, жоспар, кредит

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.