Қазақстандық файтер Қуат Хамитов дезинфекция жасайтындарды ұрып, тікұшақтарға оқ ату керек деген видеосына түсініктеме берді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Ассалаумағалейкүм, қазақстандықтар! Дезинфекция туралы тарап кеткен видеоға қатысты айтарым, ол - қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет істеуге ешкімді шақырған емеспін және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Хамит.
Айта кетейік, спортшыға қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.
Биліктің заңды талаптарына белсенді бағынбауға, жаппай тәртіпсіздікке және азаматтарға қатысты күш қолдануға шақыру, арандату үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.