Білім министрі: мектеп директорының үш орынбасары болса да бәрібір - бізге керегі білім сапасы

Білім министрі: мектеп директорының үш орынбасары болса да бәрібір - бізге керегі білім сапасы

ашық дереккөзі

 width= Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарындағы типтік штаттар алдағы уақытта міндетті болмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

«Білім беру ұйымдарында типтік штаттар міндетті болмауы тиіс. Өйткені жан басына шаққандағы қаржыландыру деген – бір балаға шаққанда қаржы беріп, мектеп басшылығы мен қамқорлық кеңесінің қолын босатуымыз керек. Өйткені мектеп басшысы екі немесе үш орынбасары, екі есепшісі бола ма – өзі шешуі керек. Біз оны қалай болса да үш орынбасар болуы керек деп міндеттемеуге тиіспіз. Егер үнемдегісі келсе – өз еркі. Бір орынбасары болса да бәрібір. Бізге керегі – білім сапасы», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.
Министр жауапты қызметкерлерге осы мәселені қысқа мерзімнің ішінде шешуді тапсырды. Еске сала кетсек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов жан басына қаржыландыру жүйесімен жұмыс жүргізбеген білім басқармаларының басшыларын сынға алған еді.  

Жүктелуде...